Кіру

Басты бет >
Қазақстан авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері ағылшын тілін жетілдіруде

29/05/2020

Тренинг нәтижелері бойынша бірнеше департаменттердің қызметкерлері ағылшын тілін халықаралық деңгейде меңгергендігін растайтын алғашқы сертификаттарға ие болды.

Тренинг соңғы бірнеше ай ішінде CEFR ағылшын тілінің төрт деңгейінде өткізілді.

«ИнтерРес Средняя Азия» ЖШС бас директоры Джеффри Уитни курстардың жалғасатындығын және сертификаттаудан өткен қатысушылар келесі дайындық деңгейіне өтетіндігін растады.