29/11/2025
Ағымдағы жылдың 28 қарашадағы Airbus компаниясының директивасына сәйкес, қазақстандық әуе компаниялары пайдаланатын Airbus үлгісіндегі әуе кемелерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары толық аяқталды.
Қазіргі уақытта Airbus үлгісіндегі барлық әуе кемелері талаптарға толықтай сәйкес келеді және штаттық режимде эксплуатациялануда.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық жағдайға түсіністік танытқан барлық жолаушыларға алғыс білдіреміз.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, әуе компанияларының техникалық-инженерлік құрамы, сондай-ақ елдің әуежайлары барлық авиациялық процестердің үздіксіз жұмысын және қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, қажетті жұмыстарды жедел түрде орындады.