01/11/2024
2024 жылғы 5 қарашада Алматыда Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясына (EACAC) қатысушы елдердің авиациялық биліктерінің бірінші отырысы өтеді.
Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясы 2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылды. Жобаның тұсаукесері Тулузада (Франция), ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесі кезінде өтті. Оған мүшелік Еуразия аймағында орналасқан мемлекеттер үшін ашық.
EACAC қатысушы мемлекеттердің авиациялық билік орындарына ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, формальдылықты жеңілдету және рәсімдерден өту, тұрақты даму, ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу, авиациялық персоналды даярлау тұрғысынан тәжірибе, білім және озық тәжірибемен алмасуда тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ болашақ сын-қатерлерге дайындық кезінде проблемалық мәселелерді талқылау және шешімдерді әзірлеу үшін платформа ретінде керек.
Айта кетейік, EACAC бірінші отырысы 2024 жылдың 4-6 қарашасы аралығында Қазақстанда, Алматы қаласында алғаш рет өтетін ИКАО апталығының алаңында өтеді. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қатысуымен өтетін іс-шара шеңберінде екі семинар өткізілмек: Қауіпсіз аспан жөніндегі консультативтік комитетпен (SSCC) бірлесе отырып тәуекелдерді бағалау процестері және азаматтық әуе кемелерінің жанжал аймақтарының үстінде немесе жанында ұшуы үшін тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқаулық құжаты (Doc 10084 ИКАО) аймақтық семинары және ACI Europe-пен бірлесіп ұйымдастырылған тұрақты авиациялық отынға (SAF) және басқа да экологиялық таза энергия көздерін пайдалануға ерекше назар аудара отырып, көмірқышқыл газы шығарындылары төмен әуежайларды дамытуға байланысты маңызды бағыттарды талқылауға "Green Airports" өңірлік семинары өтеді.
БАҚ-ты аккредиттеу мәселелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметіне +77072000177 телефоны және электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: Press@caa.gov.kz.