12/08/2024
Қазақстанның авиация әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті Алматы қаласында әуежайлардың, авиакомпаниялардың және аэронавигациялық қызмет жеткізушілерінің өкілдері үшін «Тәуекелдерді басқару негіздері» семинарын өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасының әуежайлары мен авиакомпанияларының авиациялық қауіпсіздігінің сапасын бақылау аудиторлары қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – авиациялық қауіпсіздік сапасын бақылау аудиторларына авиация саласына төнетін түрлі қауіп-қатерлерді бағалаудың озық тәжірибелерімен қамтамасыз ету, олардың әсерін талдаудың тиімді әдістерін әзірлеу, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау мен басқарудың келісілген тәсілін әзірлеу және әсерді азайтудың тиімді әдістерін енгізу.
Қатысушылар алдағы ИКАО авиациялық қауіпсіздік аудитіне дайындық ретінде бұл іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша, ИКАО стандарттарының талаптарына сәйкес және алынған ақпарат негізінде азаматтық авиация субъектілері ҚӘА-мен өзара әрекеттесу кезінде азаматтық авиацияның қауіпсіздік тәуекелдерін тұрақты бағалауды жүргізетіні туралы шешім қабылданды.