13/12/2022
Қазақстан авиациялық әкімшілігінің Авиациялық медицина департаменті индустрия субъектілері үшін "Азаматтық авиациядағы медициналық тексерулер" тақырыбында онлайн вебинар өткізді.
Вебинарға азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері - азаматтық авиацияда медициналық куәландырудан, ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі, ұшу алдындағы тексерулерден уақтылы өтуге жауапты қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерлер, авиациялық медициналық орталықтардың қызметкерлері - авиациялық медициналық сарапшылар, дәрігерлер консультанттар, сондай-ақ әуежайлардың медициналық пункттерінің қызметкерлері мен авиациялық медициналық инспекторлар қатысты.
Авиациялық медицина департаментінің қызметкерлері міндетті медициналық тексерулер түрлерінің арасындағы айырмашылықты, оларды жүргізу кезіндегі нормативтік талаптарды түсіндірді. Вебинар барысында қатысушылар азаматтық авиация қызметкерлеріне қатысты мәселелерді талқылады.