Кіру

Басты бет
Азаматтық авиация қызметкерлері күнімен және Авиациялық қауіпсіздік қызметі күнімен құттықтаймыз!

01/02/2026

Осы қос кәсіби мерекеде біз саламыздың маңыздылығын, жетістіктері мен жеңістерін ерекше мақтанышпен атап өтеміз.

ҚАӘ ұжымы өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келеді. Біздің жұмысымыз халықаралық деңгейде жоғары бағаланды – ИКАО-ның халықаралық стандарттарға сәйкестік аудитінің нәтижесі 95,7% болды. Бұл – әрқайсыңыздың жоғары кәсібилігіңіздің және жауапкершілігіңіздің айқын дәлелі.

Барша ұжымға іске деген адалдығы, бастамашылдығы және нәтижеге бағытталған еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіреміз. Бай тәжірибе мен әлеует бізге алдағы уақытта да ең күрделі міндеттерді табысты орындап, жаңа кәсіби биіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.

Мерекелеріңізбен!