Кіру

Басты бет >
Азаматтық авиация саласының субъектілерін қолдау шаралары

20/04/2020

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялар мен авиация кәсіпорындарының ұжымдық өтініші негізінде ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп азаматтық авиация саласының субъектілерін қолдау шараларын әзірледі. 

Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір салықтар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемелеріне «0» коэффициентін белгілеу туралы қаулы шығарды.

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі, сондай-ақ әуежайлар қызметінде әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті қолданылады.Бұл сала үшін күрделі кезеңде мемлекет тарапынан қарқынды қолдау болып табылады.

Толығырақ сілтеме бойынша:

https://primeminister.kz/kz/decisions/20042020-224