Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
SEC2026 ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан · Астана →
Басты бет
Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қадағалау: Қазақстан тәжірибесі

09/11/2026

Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қадағалау жүйесін реформалау заңнаманың сақталуы мен ұшу қауіпсіздігі үшін жауапкершілікке негізделген «Заң мен Тәртіп» қағидатын іс жүзінде іске асырудың маңызды үлгілерінің бірі болды.

2009 жылы Еуропалық Одақ қазақстандық әуе компаниялардың басым бөлігіне ұшуды жүзеге асыруға тыйым салды. Мұның негізгі себептерінің бірі ұшу қауіпсіздігі саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуына мемлекеттік бақылаудың жеткіліксіз тиімділігі болды.

Жүргізілген реформалардың нәтижесінде 2016 жылғы желтоқсанда қазақстандық әуе тасымалдаушылары Еуропалық Одақтың ұшуға шектеу қойылған әуе компаниялар тізімінен шығарылды, ал Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарын тиімді енгізу деңгейі 74%-ға жетті.

Мемлекеттік қадағалау жүйесін одан әрі жетілдірудегі маңызды кезең 2019 жылы мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» (ҚАӘ) акционерлік қоғамының құрылуы болды.

Жаңа модельге сәйкес функциялар аражігі ажыратылды: мемлекеттік органдарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және нормативтік реттеу функциялары сақталса, ҚАӘ-ге азаматтық авиация саласындағы заңнамада көзделген сертификаттау, бақылау және қадағалау функциялары берілді.

Корпоративтік басқару нысаны білікті авиациялық инспекторларды тартуға, олардың еңбекақы деңгейін арттыруға және кәсіби даярлығын ұйымдастыруға неғұрлым икемді жағдай жасауға мүмкіндік берді. Бұл ретте қадағалау өкілеттіктерінің мемлекеттік сипаты толық сақталды.

Авиациялық инспекторлар заңнамада белгіленген өкілеттіктері шегінде авиациялық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, құқық бұзушылықтарды анықтайды және орындалуы міндетті нұсқамалар береді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда тиісті сертификаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою сияқты шаралар қолданылуы мүмкін.

Реформалардың нәтижелері халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды. 2021 жылы ұшу қауіпсіздігі саласындағы ИКАО стандарттарын тиімді енгізу деңгейі 82%-ға жетіп, әлемдік орташа көрсеткіштен 15 пайыздық тармаққа жоғары болды.

2024 жылы Қазақстанға қатысты Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі «қара тізіміндегі» барлық шектеулер түпкілікті алынып тасталды. Ал 2025 жылы ИКАО аудитінің қорытындысы бойынша авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады. Бұл ретте әлемдік орташа көрсеткіш шамамен 72% болды.

Осылайша, ҚАӘ қызметі азаматтық авиация саласында «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде іске асырудың айқын көрінісі болып табылады. Оның негізін авиациялық заңнаманы мүлтіксіз сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұшу қауіпсіздігін басымдық ретінде қамтамасыз ету құрайды.