14/09/2026
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде әуежай инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен әуежайлардың өкілдері, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері тарапынан Гүлнәр Баймолдина қатысты.
Кеңес барысында жолаушының әуежайда болуының барлық негізгі кезеңдеріндегі инфрақұрылым қолжетімділігі қарастырылды: жолаушылар терминалына іргелес аумаққа келуден бастап терминал ішінде қажетті рәсімдерден өтіп, қызметтер алуға дейін.
Сонымен қатар арнайы тұрақ орындарын ұйымдастыру және тұрақ аймақтарынан терминалдарға дейінгі қолжетімді маршруттар, тротуарлардан түсу жолдары, кіреберістер, пандустар, баспалдақтар мен көтергіш платформалар, сондай-ақ жолаушылар терминалдары ішінде кедергісіз өтудіқамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.
Көру және есту қабілеті нашарлаған жолаушылар үшін ақпарат пен навигацияның қолжетімділігі мәселелері қарастырылды. Тактильдік мнемосхемалармен бағдарлауыштарды қолдану, Брайль шрифтін, визуалды ақпараттандыру құралдарын, сондай-ақ есту қабілеті нашарлаған адамдарға арналған индукциялық жүйелерді пайдалану талқыланды.
Гүлнар Баймолдина аэропорттарда тек пандус немесе басқа құралдардың бары деп есептемей, адамның жолға шыққаннан бастап өз баратын жеріне дейін еш кедергісіз, ақпаратты еркін алып, өзі жүріп өтуі немесе қажет болса қызметкерден көмек алуы үшін бәрі тізбектелген біртұтас жүйе болуы керек екенін айтты.
Сонымен қатар жиында сүйемелдеу қызметтерінің жұмысы, ақпарат және анықтама бөлімдерінің қолжетімділігі, қызметкерлердің түрлі жағдайда көмек көрсете алуға дайындығы, сондай-ақ ана мен бала бөлмелерінде тиісті жағдай жасау мәселелері де қаралды.
Әуежай өкілдері көтерілген мәселелерді талқылаудың, практикалық тәжірибе алмасудың және инфрақұрылым мен қызмет көрсету рәсімдерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша әуежайларға объектілердің жай-күйі мен жолаушылардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы қызмет көрсету процестерін қосымша талдауды жүргізу, сондай-ақ қолжетімділік саласындағы заманауи халықаралық тәжірибелерді қолдану мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.
Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтық авиация объектілерінің қолжетімділігін жетілдіру бойынша әуежайлармен жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.