Кіру

Басты бет >
Азаматтық авиация бөлігінде іздестіру мен құтқарудың Ұлттық жоспары бекітілді

21/07/2022

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті және төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесінде іздестіру мен құтқарудың Ұлттық жоспары әзірленді және бекітілді (1-бөлім, азаматтық авиация).

Осы жоспар Қазақстан Республикасында қолданыстағы ұлттық және халықаралық авиациялық қоғамдастыққа ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жүйесі туралы ұсыну мақсатында әзірленді.

Жоспар Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға "іздестіру және құтқару" 12-қосымшасының, авиациялық және теңіз іздестіру мен құтқару жөніндегі нұсқаулықтың (IAMSAR Manuals, DOC 9731, 2019 жылғы басылым), Еуропалық іздестіру және құтқару жоспарының (EUR Doc 039), төтенше жағдайларды іздестіру мен құтқару және жою саласындағы ұлттық заңнаманың ережелері негізінде әзірленді.

Ұлттық жоспар іздестіру-құтқару қызметінің жұмысы қалай қамтамасыз етілетінін, ұйымдастырылатынын және қолдау көрсетілетінін сипаттайды. Әрбір іздестіру және құтқару ауданына әзірленген іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүргізуді ұйымдастыру жоспарлары осыған қосымша болып табылады.

Ұлттық іздестіру және құтқару жоспарының мәтіні "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі"АҚ интернет-ресурсында орналастырылады.

Қазақстан Республикасында іздестіру және құтқару жөніндегі ұлттық жоспар