30/09/2023
Әуе апатынан қаза тапқандар: 1097 сағат ұшуы бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғау күштері әскери институтының курсанты. Ұшқышта 28.11.2019 жылы берілген №000012 жарамды CPL (A) №000012 куәлігі болды. Нұсқаушы ұшқыштың арнайы белгісін "Қазақстандық шағын авиация қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (КАМА) енгізген. 01.07.2025 жылға дейін жарамды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF апатына байланысты Операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді.
Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылады және тергеуге құжаттарды дайындады.
«Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген АОО сертификаты негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Сертификаттық тексеруді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізді.
Әуе оқиғасы болған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған жылы - 29. 07. 2011 жыл.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелді.
АОО паркі 15 (11 ұшақ және 4 тікұшақ) әуе кемелерінен тұрады.