Кіру

Басты бет
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптарды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

05/06/2026

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар әзірлеу мәселелері бойынша авиация саласы өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті.

Бұл жұмыс авиация мамандарын даярлаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) халықаралық стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесін ескере отырып, авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптарды өзектендіруге бағытталған.

Кеңес барысында жоспарланған өзгерістердің негізгі бағыттары қаралды, оның ішінде: сапаны қамтамасыз ету жүйесі мен ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру, нұсқаушылар мен басқарушы персоналдың біліктілігі мен даярлығына қойылатын талаптарды нақтылау, оқыту үдерісіне тәуекелге бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерін енгізу, материалдық-техникалық база мен оқу тренажерларына қойылатын талаптарды өзектендіру, қайталанатын және артық нормаларды алып тастау, талаптардың ашықтығы мен практикада қолданылуын арттыру.

Ұсыныстарды әзірлеу Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің лицензиялау департаментінің және авиациялық оқу орталықтарының өкілдерінің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Бұл авиациялық персоналды даярлау жүйесін жетілдіруге практикалық тәжірибе мен саланың өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.