Кіру

Басты бет >
Авиациялық инспекторлардың жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге ауыстырылды

04/06/2020

“Қазақстан авиациялық әкімшілігі” АҚ екі қызметкерінің COVID-19 анықталуына байланысты авиациялық инспекторлардың жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге ауыстырылды.


Барлық байланысағы адамдар өзін-өзі оқшаулауға жіберілді. Қауіптілігі анықталған авиациялық әкімшілік қызметкерлері қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.


Бұдан басқа, әкімшілік кеңсесінде қатаң карантиндік шаралар мен кіруге шектеулер енгізілді.