02/10/2019
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ ұжымы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті өкілдерімен кездесті.
Кездесуге ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Төлебаев, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директорының орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов және басқалар қатысты.
Кездесудің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, заң бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың статистикасын жариялады және жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қоғамдағы күнделікті сыбайлас жемқорлықтың үлесі азайуын атап өтті. Сондай-ақ, авиациялық инспекторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың концептуалды жаңа құралдары туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі call-орталығының (1424) жұмыс тәртібі түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша авиациялық әкімшіліктің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі себептер мен жағдайларды жоюға, болдырмауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.