06/06/2023
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ (ААК) Авиациялық медицина және Формальдылықты оңайлату, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсету департаментінің авиациялық инспекторлары тағайындалған әуежайларда, порттарда және жерүсті өткізу пункттерінде негізгі әлеуетке қойылатын талаптарды айқындау үшін халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды бағалау құралын (ММСП 2005) пайдалану жөніндегі өңірлік оқу семинарына қатысты.
Оқытуды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Өңірлік бюросы, ДДҰ штаб-пәтерінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің, "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ және "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК"АҚ көмегімен ұйымдастырды. Семинарға Орталық Азия мен Әзірбайжан елдерінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ААК пен көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті арасындағы ИКАО Формальдылықты оңайлату 9-қосымшасының ережелері және ынтымақтастық туралы меморандумның негізінде жүзеге асырылатынын атап өту қажет.
Бұл оқыту семинары қатысушы мемлекеттерге бағалауды түсінудің бірдей деңгейіне қол жеткізуге және тағайындалған кіру пункттерінде қажетті әлеуетті дамытуды жеңілдетуге көмектесуге арналған. Семинар барысында қатысушылар тағайындалған кіру пункттерінде халықаралық медициналық-санитариялық қағидалардың талаптарымен танысып қана қоймай, "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ және "Ақтау теңіз сауда порты "ҰК"АҚ-ға бару арқылы бағалау құралын қолданудың практикалық тәжірибесін алудың бірегей мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ нысандарының қарау кезінде азаматтық авиация саласындағы қоғамдық денсаулық сақтауға байланысты төтенше жағдайларға ден қою кезінде пайдалануға арналған инфрақұрылымдық объектілер мен рәсімдер көрсетілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір қатысушы мемлекет тағайындалған әуежайларда, порттарда және жерүсті кіру пункттерінде әзірлікті арттыру және ден қою үшін іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша ұсынымдар ұсынды, онда мемлекет деңгейінде де, өңірлік және халықаралық деңгейлерде де сектораралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар барысында ұсынылған ДДҰ мамандарының сараптамасы, сондай-ақ әуежайларды қоса алғанда, барлық кіру пункттерінде ММСП талаптарын қолдану жөніндегі елдердің тәжірибесі ААК мен уәкілетті ведомстволарға жолаушылар үшін көліктік қолжетімділікті сақтай отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қатерлер кезінде өзара іс-қимылдың тиісті деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.