Кіру

Басты бет >
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі бойынша тарифті реттеу мәселелері талқыланды

17/01/2020

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне тарифті реттеу мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтау қалалары әуежайларының, сондай-ақ "Эйр Астана" АҚ, "Скат" авиакомпаниясы" АҚ, Fly Arystan әуе компанияларының өкілдері қатысты.

Кеңесте авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтінің өлшем бірлігін өзгерту және тарифтерді қалыптастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Авиациялық қауіпсіздік бойынша қызметті есептеу тетігіндегі өзгеріс тонналық және жолаушыларға арналған тарифті бөлуден тұрады. Көптеген әуежайлардың пікірінше, бұл шаралар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне бағытталатын қаржы қаражаттың ұлғаюына ықпал ететін болады.

Авиациялық қауіпсіздікті сапалы деңгейде қамтамасыз ету мақсатында дамыған және заманауи инфрақұрылымның, оның ішінде авиатасымалдаушылар мен жолаушылардың барлық ағымдағы және әлеуетті қажеттіліктерін қамтуға қабілетті қауіпсіздік бойынша инженерлік-техникалық жарақтандырудың болуы қажет. Көптеген жылдар бойы негізгі проблемалы мәселелердің бірі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әуежай қызметінің шығындылық проблемасы болып қалуда, бұл заңсыз араласу актілерінен қорғалу деңгейін одан әрі арттыруға кедергі келтіреді.

Әлемдік тәжірибеде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) деректеріне сәйкес авиациялық қауіпсіздік бойынша алымдар деңгейі авиациялық қауіпсіздік шараларының шығындарын жабу үшін жеткілікті болуы тиіс. Әуе компаниялар мен әуежайлар тарапынан авиациялық қауіпсіздік бойынша тарифтерді есептеу тетігін тиімді реттеу және қайта қарау, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар түсті.

Кездесу қорытындысы бойынша "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық қауіпсіздік департаментіне Азаматтық авиация комитетінің тарифтерді реттеу басқармасымен бірлесіп, келіп түскен барлық ұсыныстарды пысықтау, әуежайларда тарифтің қалыптасуының ағымдағы жағдайын талдау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі бойынша тарифтерді жақсартудың тиімді шешімін әзірлеу тапсырылды.