Кіру

Басты бет
Авиациялық қауіпсіздікте сапаны қамтамасыз ету бойынша ECAC/CASEII аймақтық семинары

04/06/2025

Қырғызстанның Бішкек қаласында авиациялық қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бойынша аймақтық семинар өтті. Шара Еуропалық Одақтың қолдауымен ECAC/CASE II бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сингапур елдерінің сарапшылары қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыптары ұлттық инспекторлардың біліктілігі, бақылау іс-шараларын жоспарлау және мониторингі, есеп беру және түзету шаралары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты дамытудың қиындықтары мен перспективалары болды.

Қазақстан Республикасы екі баяндама жасады – «Авиациялық қауіпсіздік аудиторларының төмен құзыреттілік мәселелері және олардың авиация саласына әсері» және «Қазақстан Республикасындағы авиациялық қауіпсіздікті жоспарлау және қадағалау жүйесі».

Семинар ашық тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар бірлескен жұмыстың әлеуетін арттыратын көптеген идеялар мен пікірлерді ортаға салды. Іс-шара аймақтағы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың, сапаны бақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибе алмасудың және тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын растады.