23/02/2024
Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі жанындағы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс (сараптама) тобының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы салалық министрліктерінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері қатысты. ҚАӘ делегациясының құрамына формальдылықты жеңілдету департаменті қауіпті жүктер басқармасының басшысы Дәулетбек Әділбекұлы және авиациялық қауіпсіздік департаментінің аға авиациялық инспекторы Ардақ Беделбаев кірді.
Отырыста ЕЭК сараптамалық тобының 2023 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды және ЕЭК-ке мүше мемлекеттердің авиациялық қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде қауіп-қатерлер мен қауіп-қатер фактілерінің мониторингі, ИКАО аудиттеріне және технологиялардың дамуы мен әлемдегі жағдайдың өзгеруінен туындайтын жаңа сын-қатерлерге дайындық жөніндегі бірқатар мәселелер қаралды.
Отырыс нәтижелері бойынша қауіпсіздік шараларын жақсартуды және өзгеретін қатерлерге бейімделуді ескере отырып, ЕЭК ӘБ РЭГ-тің 2024 жылға арналған мақсаттары белгіленді.
Осыған байланысты, топ қатысушыларына озық технологияларды қолдана отырып, үздік тәжірибелерге сәйкес құрылған Домодедово әуежайының инновациялық авиациялық оқу орталығына бару мүмкіндігі берілді. Сапар аясында тренажерлар мен виртуалды жаттығулар түріндегі оқытудың инновациялық әдістері көрсетілді, бұл авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне ықтимал қауіптерді жақсы түсінуге, қажетті қауіпсіздік дағдылары мен рәсімдерін тезірек және тиімдірек меңгеруге мүмкіндік береді.
Домодедово АОО отырысы мен сапары барысында қаралған авиациялық персоналды оқытудағы ұсынымдар мен инновациялық тәсілдерді ҚАӘ авиациялық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері авиациялық қауіпсіздік стандарттарын жақсарту үшін Ұлттық НҚА-ға ықтимал имплементациялау үшін пайдаланатын болады.