Кіру

Басты бет >
Авиациялық қауіпсіздік және тәуекелдерді бағалау бойынша аймақтық семинары Баку қаласында өтті

02/05/2024

Баку қаласында ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығымен және Case II жобасының атқарушы органы болып табылатын Еуропалық азаматтық авиация конференциясымен (ЕААК) бірлесіп ұйымдастырылған авиациялық қауіпсіздік және тәуекелдерді бағалау жөніндегі аймақтық семинары өтті.

Семинарға Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Румыния, Иран, Болгария, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркиядан келген азаматтық авиация мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Сәрсен Жарылғасов басқарды. 

Семинардың негізгі мақсаты – реттеуші органдар мен мүдделі тараптардың өкілдерін авиация саласына төнетін түрлі қатерлерді түсіну, олардың әсерін талдаудың тиімді әдістерін әзірлеу, сондай-ақ тәуекелдерді бағалаудың келісілген тәсілін әзірлеу және салдарды азайтудың тиімді құралдарын енгізу үшін жинау.

Семинар қатысушыларға қауіп, осалдық және тәуекел арасындағы байланысты егжей-тегжейлі зерттеуге, сондай-ақ олардың әуе компаниялар мен әуежайлардың қызметіне әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Семинар бағдарламасы азаматтық авиация үшін ағымдағы және туындайтын қауіптерді, әуежайдың әуе және жерүсті аймақтарындағы тәуекелдерді бағалау мен төмендетуді, сондай-ақ тәуекелдерді бағалауды енгізу кезінде туындайтын мәселелерді талқылауға бағытталған 6 сессияны қамтиды.

5-ші сессия шеңберінде «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік Департаменті авиациялық қауіпсіздікті оқыту басқармасының басшысы Рүстем Қабанбаевпен «Жанжал аймақтарының үстінен немесе оларға жақын ұшулар – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қолданатын шаралар» тақырыбында презентация ұсынылды.

Семинар барысында қатысушы елдер азаматтық авиация тәуекелдерін бағалау саласында одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылдады.