20/08/2024
Алматы қаласында «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері мен шараларын бағалауә курсы бойынша оқыту іс-шарасы өтті. Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі «Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі» (EXBS) бағдарламасы бойынша және АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) қолдауымен ұйымдастырған семинар ҚР ҰҚК шекара академиясы орталығының тренингі базасында өтті.
Қатысушылар арасында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Астана және Алматы қалалары әуежайларының, сондай-ақ Египеттің авиациялық билігі мен EgyptAir әуекомпаниясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшылары болды.
Курс тыңдаушылардың авиация саласындағы тәуекелдерді басқару процестерін, оқиғаларды талдау және олардың алдын алу дағдыларын, сондай-ақ TSA сарапшыларының салалық стандарттарға және авиациялық қауіпсіздік жүйелерін сынау бойынша үздік тәжірибелерге сәйкес қауіпсіздікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру қабілетін терең түсінуіне бағытталған.
Халықаралық сарапшылар тәуекелдерді болжау және басқару үшін жасанды интеллектіні қоса алғанда, практикалық тәжірибелерімен, жетістіктерімен және инновациялық әдістерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу және жинақталған білім Қазақстан сарапшыларына авиациялық қауіпсіздік жөніндегі TSA аудитінен өтуге дайындық және Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстерді ашу шеңберінде ұлттық заңнамаға және әуежайлардағы қолданыстағы процестерге авиациялық қауіпсіздік талаптарын енгізуге мүмкіндік береді.
133edited 09:56