01/02/2022
Бүгінгі күні 2017 жылы авиациялық қауіпсіздік бойынша өткізілген ИКАО аудитінің ескертулерін жою жұмыстары аяқталды. ИКАО-мен келісілген түзету іс-қимыл жоспарына сәйкес, бүгінгі күні барлық сәйкессіздіктер жойылды.
Өткен жылдың қараша айында жүргізілген шолудың нәтижелері бойынша АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтті және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді.
2021 жылы әуежайлар тексеру рәсімдерін жүргізу барысында 9054 бірлік тыйым салынған заттарды, оның ішінде 76 кг белгісіз құрамдағы заттарды, 2 850 бірлік тез тұтанатын сұйықтықты, 12 341 бірлік қаруды, оқ-дәрілерді, шаншу және кесу заттарын, 3 863 бірлік тыйым салынған заттардың өзге де түрлерін анықтады.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бақылау және қадағалау бөлігінде 84 тексеру шарасын жүргізді, экипаж мүшесінің куәлігін беруге 2124 өтініш қаралды, әуежайлардың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң тексеруді ұйымдастырудың 4 сертификаты берілді.
Авиациялық инспекторлар авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның жыл сайынғы жаһандық симпозиумына (AVSEC-2021) онлайн форматта қатысты.
Қазақстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді және нығайтуды жалғастыруда. Тәжірибе алмасу аясында отандық әуежайлар мен әуекомпаниялардың қызметкерлері Өзбекстан мен Қырғызстандағы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдастырылуымен және рәсімдерімен танысты.
ЕАЭО жанындағы көлік апталығы шеңберінде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пленарлық отырыс өтті, онда конференцияға қатысушылар ЕАЭО елдері арасындағы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту және дамыту туралы келісті.
Авиациялық қауіпсіздік бойынша 2021 жылдың қорытындысын шығару және азаматтық авиация саласының АҚҚ құрметті қызметкерлерін атап өту бойынша дәстүрлі жыл сайынғы кездесуі 2022 жылғы 1 наурызға "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да жоспарланып отыр.
АҚҚ барлық қызметкерлерін алғашқы авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 31 жыл толуымен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз өте маңызды және жауапты! Сіздер күн сайын жоғары деңгейдегі кәсібилік пен өз істеріңізге адалдық танытасыздар!
2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар күндері олардың өмірі мен денсаулығына төнген қатерлерге қарамастан, жолаушылардың, әуежай инфрақұрылымы мен аэронавигациялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдаған әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын ерекше атап өту қажет.
Барлық қиындықтарға қарамастан, осы мереке күні сіздерге ең батыл үміттер мен жоспарлардың орындалуын, табысты жұмыс, жоғары нәтижелер мен барлық істерде сәттілік тілейміз. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық пен амандық тілейміз!