Кіру

Басты бет >
Авиация саласының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

15/12/2020

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Тәуелсіздік күніне орай авиация саласының қызметкерлері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Экономикадағы, әлеуметтік саладағы және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін “Ерен еңбегі үшін” медалімен Вячеслав Аушев – “Эйр Астана” әуе компаниясы әуе кемесінің командирі, Константин Ушаков – “№405 авиажөндеу зауыты” АҚ директоры марапатталды.


Сондай-ақ, басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күніне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ бірқатар қызметкерлері марапатталды.


Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі мен мінсіз қызмет үшін “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Бас директоры Питер Гриффитс, Авиациялық қауіпсіздік департаментінің авиациялық инспекторы Ерлан Нұрманов, Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаментінің авиациялық инспекторы Балтабек Дускинов құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаментінің авиациялық инспекторы Гүлжайна Сағындықова және Авиациялық қауіпсіздік департаментінің авиациялық инспекторы Елена Хусаинова алғыс хаттармен марапатталды.


Марапатталғандарды мерекемен және жоғары мемлекеттік наградалармен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық пен амандық, Қазақстанның көлік саласын нығайту мен дамыту ісінде табыс тілейміз!