Кіру

Басты бет >
Авиация саласы пандемиядан кейін қалпына келтірілуде

05/11/2021

Жыл басынан бері салада былтырмен салыстырғанда негізгі көрсеткіштер біршама өсті. 2021 жылдың 9 айында тасымалданған жолаушылар саны 81% артып, 6,9 млн. адамға жетті. Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70% артып, 12,6 млн. адам (2020 жылдың 9 айында – 7,4 млн. адам, 2019 жылдың 9 айында - 12,3 млн. адам) болды. Бүгінгі таңда ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілді (аптасына 57 бағытта 744 рейс). Сондай-ақ, 23 мемлекетпен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзірбайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд) арадағы халықаралық рейстер (аптасына 63 бағытта 247 рейс) қайта ашылды. Орташа есеппен алғанда ішкі бағыттарда күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 35 рейс орындалады.