Кіру

Басты бет >
Авиация персоналына куәліктер беру процедурасы үнемі жетілдірілуде

09/01/2020

Құрметті пайдаланушылар мен авиациялық Персонал!

Сізге, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінен (бұдан әрі – ҚР ИИДМ ААК) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» Акционерлік қоғамына («Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ) өкілеттігі тапсырылған күнінен бастап (2019 жылдың тамызы) анықталған проблемалар мен кемшіліктер бойынша авиациялық персоналға куәліктерді беру процедурасы тұрақты жетілдіруде, жұмыс тиімділігін арттыру үшін білікті мамандармен жинақтау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Авиациялық персоналға куәліктерді беру Департаменті (бұдан әрі - Департамент) ҚР ИИДМ ААК шығарылған, өзгеріссіз қалған талаптарға сәйкес регламенттерді, стандарттарды және ережелерді басшылыққа алады.

«Авиациялық оқу орталықтары мен авиациялық персоналдың қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету орталығының» мемлекеттік Корпорациясына (бұдан әрі - ХҚКО) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күн құрайды.

Белгілі бір компанияда авиациялық кадрлардың жетіспеуі құжаттардың рәсімдеуін және ұшуларды жоспарлауын қиындықтар тудыратынын түсінеміз.

Департамент өз мүмкіндіктеріне қарай құжаттар өтуге тиісті сараптаманы ескере отырып, қабылданған құжаттарды мүмкіндігінше жедел, қатаң түрде қарастырады.

Егер сараптамалық қорытынды мерзімінен бұрын қабылданса, Департамент құжаттарды ХҚКО-на кідіріссіз береді.

Өңірлік ХҚКО өтінімдерді Нұр-Сұлтан қ. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Департаментіне жолдаған кезде және өңделген өтінімдер туралы ХҚКО мәліметтерді алу кезінде құжаттаманы пошта арқылы жіберуге уақыт кететінін есте ұстаған жөн.

Құжаттар ең тездетілген арада Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданының №1 ХҚКО-нан (24 сағат жұмыс уақыты ішінде) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Департаментіне келіп түседі.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығымен бекітілген авиациялық персоналға куәліктерді беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту ережелерінің 2-тарау 1-параграфтың 6-тармағына сәйкес, егер ұзартуға арналған құжаттар оның қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін кемінде 22 (жиырма екі) жұмыс күні бұрын ұсынылса, авиациялық персоналға куәлігінің қолданылу мерзімі үзілмейді. Бұл жағдайда уәкілетті ұйым авиациялық персоналдың Куәлігін оның қолданылуы аяқталған күннен бастап ұзартады. Егер осы тармақтың шарттары орындалмаса, авиациялық персоналдың Куәлігінің жарамдылық мерзімі авиациялық персоналдың Куәлігін ұзартуы жаңа күнімен айқындалады. Осыған байланысты, Сізге құжаттарды алдын ала тапсыруға және жоспарлауға көбірек мүмкіндігіңіз бар.

Сонымен қатар, XII бөлімде біліктілік белгісін ұзарту, XIII бөлімде арнайы белгілерді енгізу/өзгерту кезінде авиациялық персоналға Куәлігінің түпнұсқасын ұсынудың қажеті жоқ, өйткені өтініш берушінің куәлігіне қосымша парақ беріледі.

Авиациялық персоналдың құқықтарын бұзылуын болдырмау үшін, авиациялық персоналға куәлік беруге арналған құжаттарды, куәліктерді жаңарту және белгілер енгізу құжаттарды тапсыру кезінде ХҚКО бір өтінімді бір өтініш берушіге бекіту өте маңызды.

ХҚКО-на бірнеше өтініш беруші бір өтінімге тіркелген жағдайда, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ олардың біреуінің құжаттары толық еместігін анықтаған кезде, оған қабылданбаған жауабын жіберіп, құжаттарды бір жұмыс күн ішінде мүмкін емес, өйткені белгіленген процедура бойынша ХҚКО-ғы өтінішті бір өтінімде қоса берілген барлық өтініш бойынша жабу керек.

Дәл сол себеппен, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, өтініш берушілерге авиациялық персоналдың дайын куәліктерін неғұрлым ұзақ тексеруді талап еткен өтінім бойынша соңғы құжат қаралғанға дейін (орындау мерзімі ішінде) жібере алмайды. Осыған байланысты, бір өтініш беруші – бір өтінім жүйесін ұстануыңызды сұраймыз.

Авиациялық персоналға куәліктерді беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту ережелерімен www.caakz.com - сайтында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 5 қазанда № 8782 тіркелген) танысуға болады. Соңғы редакцияда 23.07.2019 жылдан бастап (01.08.2019 бастап күшіне енді).

Сізді, сұрақтар туындаған жағдайда, licenseing@caakz.com электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.