Кіру

Басты бет >
Атырау мен Астрахань арасындағы әуе рейстері қайта ашылды

15/04/2022

2022 жылдың 26 сәуірінен бастап қазақстандық "Qazaq Air" әуе компаниясы Атырау мен Астрахань қалалары арасында аптасына 2 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.


Рейстер сейсенбі және сенбі күндері Bombardier Q400 типті әуе кемесінде орындалады деп жоспарлануда.


Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.