09/04/2026
Астана қаласында әуеайлақ жабындарын тиімді басқару және олардың тиісті пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған салалық семинар өтті.
Іс-шара Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қатысуымен халықаралық сарапшылармен бірлесіп ұйымдастырылды. RODECO Group компаниясының президенті Джанфранко Баттиато қазақстандық тыңдаушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға Қазақстан әуежайларының әуеайлақ қызметтерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ авиация саласының бейінді ұйымдарының өкілдері қатысты.
Диагностиканың озық техникалық құралдарын пайдалана отырып, әуеайлақтардың жасанды жабындарының жай-күйін бағалау мен мониторингтеудің заманауи тәсілдері қаралды. Әуеайлақ инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабындарды басқару жүйелерін (PMS) енгізуге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар жабындарды тазартудың инновациялық технологияларын, ілінісу коэффициентін арттыру әдістерін, сондай-ақ асфальтбетон және цементбетон жабындарының қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған шешімдерді талқылады.
Жеке блок ИКАО талаптарына сәйкес жабындардың беріктігі көрсеткішін (Pavement Classification Rating – PCR) анықтау және жариялау мәселелеріне арналды.
Әуеайлақ жабындарын пайдалану саласындағы озық халықаралық тәжірибемен алмасу Қазақстан әуежайларының әуеайлақ қызметтері мамандарының біліктілігін арттыруға, әуежайлардың қызметіне заманауи технологияларды енгізуге және халықаралық стандарттарға сәйкестікке ықпал етеді.