Кіру

Басты бет
Астанада Safety RoadShow ұшу қауіпсіздігі семинары өтті

18/04/2025

Airbus Helicopters компаниясының бастамасымен жыл сайынғы Safety RoadShow семинары – Қазақстанның авиациялық операторлары арасында ұшу қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға бағытталған ірі шара. Ұйымдастырушысы "Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering" серіктестігі.

Семинардың мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін арттыру, авиация саласы мамандарының тәуекелдер туралы хабардарлығын күшейту және оларды төмендету әдістерін талқылау.

Семинарға 30-дан астам қатысушы келді: ұшқыш-нұсқаушылар, инженерлер, Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering мамандары және Қазақстанның жетекші авиациялық ұйымдарының өкілдері:
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, "Казавиаспас" АҚ, ҚР Қорғаныс министрлігі, "Беркут" мемлекеттік әуе компаниясы, "South Oil" ЖШС, "Балапан" АУТЦ, "АвтоТехЦентр-Азия" ЖШС, "AeroExpert" ЖШС және т.б.

Қатысушыларға Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Себастьян Сен Шабо және сапа мен ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы Гүлдана Бажиева құттықтау сөз сөйледі. Олар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру — авиациялық оқиғаларды азайтудың негізгі тетігі екенін атап өтті. Сен Шабо BA 5390 рейсі мысалын келтіріп, адами фактордың маңыздылығы мен жүйелі көзқарастың қажеттілігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының авиация персоналын даярлау және лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзекті өзгерістер» атты баяндаманы ҚАӘ лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов жасады.

Семинар шеңберінде келесі тақырыптар қарастырылды: ұшып көтерілу кезінде басқаруды жоғалту (Loss of Control at Take-off), қауіпсіздікке немқұрайлы қарау (Reckless Flying), қауіпсіздік мәдениетін Safety Portal және Safety Cube арқылы нығайту: хабарлаудан бастап нақты уақыттағы тәуекелдерді басқаруға дейін, Practical Problem Solving (PPS) әдістемесі, авионика мен ұшу-техникалық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кезіндегі адами факторлар мен қателіктер.

Мұндай семинарлар авиациялық кәсіби қоғамдастықты дамытуда маңызды рөл атқарады. Қауіпсіздік жай ғана ереже емес, бұл басты құндылық. Тәжірибе алмасу, нақты оқиғаларды талқылау және үздік тәжірибелерді енгізу авиациядағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.