Кіру

Басты бет >
Астанада "Орталық Азиядағы тұрақты даму және транзиттік әлеутті іске асырудағы энергетикалық өткел" тақырыбындағы 1-ші ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ ДИАЛОГ өтуде

24/05/2023

2023 жылғы 24-25 мамырда Астанада "Орталық Азиядағы тұрақты даму және транзиттік әлеутті іске асырудағы энергетикалық өткел" тақырыбындағы 1-ші ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ ДИАЛОГ өтуде.

Екі күн ішінде 250-ге жуық компания мен халықаралық авиация нарығының ірі ойыншылары, халықаралық сарапшылар, даму институттары мен ғылыми қоғамдастық Орталық Азияның авиациялық отын нарығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылайтын болады. Форумды "ҚазМұнайГаз — Аэро" ЖШС компаниясы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, сондай-ақ ИАТА және ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырады.

Іс-шараның модераторлары - BBC World News топ-жүргізушісі Аарон Хеслехерст, Hermes - Air Transport Organization Бас директоры Костас Иатру, IATA Директорлар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане.

Бірінші диалогтың тақырыбы "Энергетикалық ауысу үшін авиация саласына қойылатын талаптар". Сессияда Net Zero 2050 бағдарламасына сәйкес авиация саласының энергетикалық ауысуын жүзеге асыруға қойылатын талаптар, сын-қатерлер және еңсерудің ықтимал жолдары талқыланады. Бірінші күні сондай-ақ авиаотын нарығының негізгі жаһандық үрдістерін және олардың Орталық Азия үшін транзиттік әлеуетке әсерін, сұранысқа сәйкес авиаотынмен нарықты қанықтыруды, импортты жеңілдету үшін авиаотынды халықаралық стандарттауды талқылау жоспарлануда.

Диалог спикерлері iPADIS Президенті Олумиюва Бенард Алиу, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі кооперациясының басшысы Йоханес Баур, ICAO Елшісі, Young Africain Aviation professional Association Президенті Фадимату Нутчемо, ACI Еуропа экономикалық мәселелер және бәсекелестік жөніндегі директоры Майкл Стантон-Геддес, Axens өңірлік менеджері Пьер Шевалье, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Климаттық стратегия және іске асыру департаментінің директоры Роберто Гонсалес, сондай-ақ авиакомпанияларның, әуежайлардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Іс-шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысады.

25 мамырда S&P Global Commodity Insights халықаралық корпорациясының Лондон кеңсесінің өкілдері Platts баға белгілеулерін есептеу әдіснамасымен танысу және оларды авиациялық отынға қолдану бойынша оқыту семинарын өткізеді деп күтілуде.

Екінші күннің тақырыбы - Еуразиядағы өңірлік ынтымақтастық және елдердің экономикалық дамуына реттеуші әсер ету. Осы сессияда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан авиациялық реттеуші органдарының өкілдері ынтымақтастықтың кеңеюін және оның өңірдің экономикалық өсуіне, орнықты баламалы авиаотынды (SAF) қолданудың жаһандық нарығына және оның авиакомпаниялар экономикасына әсерін талқылайды. Бұл сессия жаһандық нарықта SAF қолдану туралы шолу ақпаратын және оның авиация саласына қатысушыларға экономикалық әсерін ұсынады.

Алғашқы Қазақстандық диалог аясында қазақстандық және халықаралық авиациялық нарық компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы алты Меморандумға, сондай-ақ ниет туралы хатқа қол қою көзделеді.

Сондай-ақ, іс–шара қорытындысы бойынша iPADIS Президенті Олумиюв Бенард Алиу, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Каталин Раду, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС Бас директоры Ильдар Шамсутдинов, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев және "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзинның қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.