04/10/2023
Астанада ҚР Көлік министрлігі мен "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлік тасымалдаушылар одағының ұйымдастыруымен New Silk Way VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы аясында "Жүк және жолаушылар әуе тасымалдарын дамыту" тақырыбында панельдік сессия өтті.
Сессияға Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, қазақстандық және шетелдік әуе компаниялардың, отандық әуежайлардың, логистикалық компаниялардың басшылығы, сондай-ақ шетелдік мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Сессияда Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, ACI EUROPE халықаралық әуежайлар кеңесінің Бас директоры Оливье Янковец , "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Эрсой Альп Эр Тунга, IATA Еуропадағы жүк тасымалдау жөніндегі өңірлік менеджері Хуан Фернандес, Terminals Holding Group бас директоры Ahmed Al Hadabi, "Air Astana" АҚ Жүк тасымалы сату жөніндегі директор және Жанна Шаяхметова және "Asiana Airlines" әуе компаниясының өкілі Всеволод Ким сөз сөйледі.
Сессия барысында авиаотынмен қамтамасыз ету, отандық әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік мультимодальды хабқа айналуы, сондай-ақ көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, бағыттық желіні дамыту, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту үшін ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.