05/05/2026
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Kent State University өкілдерімен кездесті. Атқарушы вице-президент, доктор Мелоди Тэнкерсли бастаған университет делегациясының құрамында Kent State University Жаһандық білім беру басқармасы вице-президентінің орынбасары, доктор Пауло Мусси, Аэронавтика және инженерия колледжінің академиялық мәселелер жөніндегі деканының орынбасары, доктор Морин Макфарланд, білім беру магистрі (Med), Kent State University Жаһандық білім беру басқармасының Еуразия бойынша стратегиялық мәселелер жөніндегі директоры Айя Құдайбергенова болды.
Қазақстан тарапынан кездесуге сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Даниел қатысты.
Kent State University – инфрақұрылымы дамыған, авиация және авиациялық мамандарды даярлау саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын АҚШ-тың мемлекеттік университеті.
Университет өкілдерінің Қазақстанға сапарының мақсаты – халықаралық авиациялық университет құру мәселелерін талқылау. Жаңа университет Қазақстанда бірлескен жоба ретінде іске асырылып, халықаралық стандарттарға сәйкес авиациялық мамандар даярлайды деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Азаматтық авиация академиясымен ынтымақтастығы дамып келеді. Бұл өзара іс-қимыл қос дипломдық білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлықты және бірлескен ғылыми жобаларды қамтиды.
Кездесу барысында Мелоди Танкерсли жаһандық серіктестік білім сапасын арттырудың негізгі факторы болып табылатынын атап өтті.
Тараптар кадрларды даярлау сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.