Кіру

Басты бет >
Астанада алғашқы Қазақстандық авиациялық диалог өтеді

21/04/2023

2023 жылғы 24-25 мамырда Астанада 1-ші Қазақстандық авиациялық диалог өтеді: "Орталық Азиядағы тұрақты даму және транзиттік әлеуетті іске асыру үшін энергетикалық өткел".

Екі күн ішінде авиация саласының топ-менеджменті мен халықаралық сарапшылары Орталық Азиядағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету бөлігінде авиациялық индустрия нарығын дамытудың және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ іс-шараның тең ұйымдастырушысы болып табылады. 1-ші Қазақстандық авиациялық диалогқа осы сілтеме бойынша тіркелуге болады:

https://firstkazaviatalks.kz/en/