Кіру

Басты бет >
Астана әуежайы ACI Халықаралық әуежайлар кеңесіне қосылды

30/06/2023

2023 жылдың 26-28 маусымы аралығында Барселонада (Испания) жыл сайынғы ACI Europe/World 2023 (WAGA) Бас Ассамблея, Конференциясы мен Көрмесі өтеді. Қазақстан тарапынан Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің  өкілдері, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов және "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ бас директордың м.а. Меруерт Жолдыбаева қатысуда.Делегацияны Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басдиректоры Каталин Раду басқаруда. 

ACI Ассамблеясы (ACI – халықаралық әуежайлар кеңесі) әуежайларды дамыту жөніндегі ең маңызды және жаһандық жиналыс болып табылады, оған әр түрлі елдердің авиация органдарының өкілдері мен әуежай индустриясының аға басшылары қатысады. Конференция барысында авиациялық сарапшылар бүкіл әлем бойынша әуежай стандарттарын дамытуға ықпал ететін саясатты, бағдарламаларды және үздік тәжірибелерді әзірлеу бойынша жұмыс жасады. Конференцияның маңызды сәттері әуежай индустриясының қазіргі және болашақ жағдайы туралы баяндамалармен байланысты болды. Биылғы жылы ұшу алдындағы процедураларды автоматтандыруға, биометрия және цифрлық сәйкестендіруге ерекше назар аударылды.  

Конференция барысында WAGA 2023 алаңында "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның ACI Europe еуропалық бөлімшесінің мүшесі ретінде ACI халықаралық әуежайлар кеңесіне кірудің ресми рәсім өтті. Сонымен қатар, форум аясында "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ-ның 2024 жылы ACI-ге қосылу ниеті жарияланды. 

Салтанатты рәсімге ACI World бас директоры Луис Фелипе де Оливейра, ACI EUROPE бас директоры Оливье Янковец, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры Каталин Раду және "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов қатысты. 

Айта кету керек, ACI Europe мүшелігі астаналық әуежайға алты еуропалық Комитетке қосылуға мүмкіндік береді: формальдылықты жеңілдету және жолаушыларға қызмет көрсету комитеті, саясат комитеті, техникалық және пайдалану қауіпсіздігі комитеті, авиациялық қауіпсіздік комитеті, Экономика комитеті және экологиялық стратегия комитеті. Сонымен қатар, мүшелік төрт еуропалық форумға қатысуға мүмкіндік береді: аймақтық әуежайлар форумы, коммерциялық форум, цифрлық коммуникациялар форумы, көшбасшылық және адами ресурстар форумы. 

WAGA алаңында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі SITA компаниясымен де кездесу өткізді. Қазіргі уақытта Астана әуежайында биометрияны енгізу мәселесі зерттелуде. Айта кету керек, биометрия азаматтық авиациядағы технологиялық тренд болып табылады.

Конференция барысында қазақстандық делегация "Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін эвакуациялау" семинарына қатысты. Бұл семинарды авариялық-құтқару және авиациялық-эвакуациялық жабдықтарды әзірлеу және өндіру бойынша 40 жылдық тәжірибесі бар RESQTEC компаниясы ұсынады. Семинардың мақсаты - әуе кемесін эвакуациялауды тиімді және қауіпсіз басқару үшін қажетті дағдылар мен қабілеттер туралы түсінік алу. Семинарда аэродромның жабылу уақытын қысқарту және штаттық жұмысқа оралу, сондай-ақ әуе кемесінің өзі үшін зақымдануды азайту мақсатында әуежайларда және одан тыс жерлерде авариялық жағдайлар болған жағдайда жедел қамтамасыз етілуі тиіс шаралар ұсынылды.  

Қазақстандық делегацияның ресми кездесулерінің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың күзінде ACI World бас директоры Луис Фелипе де Оливейраның Қазақстан Республикасына сапары туралы уағдаластық бар. Сонымен қатар, Resqteq компаниясымен Қазақстанда "Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін эвакуациялау" тақырыбында воркшоп өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 

 

 

Анықтама: халықаралық әуежайлар кеңесі (ACI) – авиация саласындағы озық тәжірибені ілгерілету үшін бүкіл әлем бойынша әуежайлардың ұжымдық мүдделерін білдіретін ұйым. Әуежайлар кеңесі Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен (ICAO), халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) және әлемнің басқа авиациялық ұйымдарымен ынтымақтасады. ACI 185 елден 1950 әуежай 717 мүшеден тұрады.