03/07/2021
Панельді сессия Қазақстан Авиациялық Әкімшілігімен (ҚАӘ) серіктестікте ұйымдастырылды. Шарада АХҚО-ның юрисдикциясының дамыған қаржы құралдарын пайдаланып жаңа авиациялық хаб құру мәселесі сөз болды. Модератор ҚАӘ Бас директоры Питер Гриффитс Авиациялық хабтың құрылуы елдегі ұшу қауіпсіздігі ережелерінің трансформациясына маңызды қадам екенін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Уильям Х. Мозер авиациялық хаб ашудың Қазақстанның әртараптандыру мен цифрландыру жоспарына қосар үлесін тілге тиек етсе, IATA Еуропа бойынша өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцман COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде авиация саласының даму үрдістері мен қазіргі таңда ұшу қауіпсіздігі бойынша қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде COVID-19 пандемиясынан кейін авиациялық саланың қалпына келуіне көмектесу үшін цифрлық вакцинация паспортын енгізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.
Рафаэль Шварцманның айтуынша, бұрын 2039 жылға қарай авиация саласының басым өңірінің Азия-Тынық мұхиты өңіріне қарай алмасады деген болжам енді COVID-19 пандемиясы салдарынан 20 жылға жеделдемек. Оның пікірінше, Авиациялық хаб Қазақстанның транзиттік дәліз ретіндегі стратегиялық жағдайын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін авиациялық салаға деген сенімді арттыра түспек.
АХҚО инвестициялық кеңесінің басқарушы директоры Акшу Кэмпбелл-Холттың айтуынша, ұшу қауіпсіздігіне сай халықаралық стандарттар бойынша АХҚО-да авиациялық хаб ашу ұшақтарды тіркеудің баламалы юрисдикциясын ұсынып қана қоймай, сонымен қатар авиациялық қаржыландыру үшін сақтандыру, лизинг және қосымша қызметтер сияқты жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Акшу Кэмпбелл-Холт пікірінше, АХҚО инвесторлардың сенімі мен активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін реттеу және дауларды шешу органдарын ұсына алады.
Willis Towers Watson авиация бойынша директоры Александр Чапмен авиациялық реттеу және қауіпсіздік стандарттарын ары қарай қамтамасыз ету үшін жаңа Авиациялық хаб құру арқылы мықты негіз құру маңызына тоқталып, сақтандыру нарығы мен қызмет ұсынушылар тарапынан жоғары қолдау бар екенін айтты.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен “Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында құрылды.2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген.
АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды.
https://aifc.kz/kz/press-relizy/panel-session-on-creating-a-new-aviation-hub-in-the-aifc-and-opportunities-for-aviation-finance-was-held-during-the-astana-finance-days-2021/