Кіру

Басты бет
Арқалықта 30 жылдан кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды

22/08/2026

Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Көлік министрлігі Астана–Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды.
2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.
Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңгені құрайды.
Бұған дейін, 2026 жылғы 12 тамызда, Арқалық әуежайының үш әріптік IATA коды – AYK қалпына келтірілді. Бұл әуежайдың тұрақты әуе қатынасын қайта бастауға дайындығын қамтамасыз етудегі маңызды кезең болды.