Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді
13/08/2026
Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын, бұрын қолданылған және қазіргі уақытта қалпына келтірілген - AYK ресми кодын берді.
Бұл код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.