21/11/2025
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған семинар өтті. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері қатысты.
Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, заңнамадағы соңғы өзгерістер және мемлекеттік, сонлай-ақ оларға теңестірілген қызметшілерге қойылатын өзекті талаптар туралы баяндады.
Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының міндеттері, уәкілетті органның қызмет бағыттары және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада жүзеге асырылып жатқан жобаларға ерекше назар аударылды.
Мамандар әрбір мемлекеттік қызметші салалық заң талаптарын нақты түсінуі тиіс екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүйелі шаралар арқылы іске асырылады: жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оның себептерін жою, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның рөлін күшейту және қабылданған шаралардың тиімді мониторингін жүргізу.
Елімізде 2025–2026 жылдары енгізілетін өзгерістерге сыбайлас жемқорлар жөніндегі ашық тізілімді құру және пара ұсыну немесе уәде ету фактісін қылмыс ретінде тану кіретіні атап өтілді. Бұл қоғамда пара туралы кез келген әңгіменің орынсыз саналатын мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу; «Follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеу институтын енгізу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу және дамыту, т. б. бар.
Қорытындылай келе, спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту – бұл әр қызметкердің жауапкершілігі мен мемлекет пен қоғам мүдделерін қорғауға деген ұмтылысын талап ететін күнделікті жұмыс екенін атап өтті.