Кіру

Басты бет
Альмира Құдайбергенқызы Бердонғарованы еске алу

24/06/2025

Құрметті әріптестер,

 «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның авиациялық медицина департаментінің директоры – бас авиациялық инспекторы Бердонғарова Альмира Құдайбергенқызының мезгілсіз қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймыз.

 Альмира Құдайбергенқызы 2019 жылдың қараша айынан бастап ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету бағытын басқарды. Ол жоғары медициналық және экономикалық білімі бар, медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау үздігі, жоғары санатты дәрігер, сондай-ақ денсаулық сақтау, авиациялық және ғарыштық медицина саласындағы 60-тан астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы болды.

 Альмира Құдайбергенқызы авиациялық медицинаның дамуына, нормативтік құжаттардың әзірленуіне, денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мен сапаны бақылау жүйесінің қалыптасуына елеулі үлес қосты.

 Ол өзінің кәсібилігімен ғана емес, сонымен қатар ұжымға жанашыр, тәжірибесін жас мамандармен бөлісетін, әрқашан қол ұшын беруге дайын, өте  мейірімді жан ретінде есте қалады.

 Альмира Құдайбергенқызы Бердонғарованың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.