24/10/2023
2023 жылғы 28-29 қарашада Алматыда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен "Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы - ИКАО GRF"тақырыбында өңірлік семинар өткізеді.
Іс-шараның спикерлері АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының (FAA), Airbus, Әзірбайжан азаматтық авиация билігінің мамандары, ҰҚЖ жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілер - MOVENTOR Oy, Monitor Soft, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, "Қазаэронавигация" РМК, отандық авиакомпаниялар мен әуежайлар болады.
ИКАО GRF қолданудың негізгі мақсаты әуе кемесін ұшу-қону жолағынан тыс домалату тәуекелдерін азайту болып табылады. GRF енгізу процесі және оны одан әрі қолдану көптеген мәселелерді, соның ішінде ТМД елдері үшін қалдырғанын ескере отырып, аталған семинардың мақсаты - GRF енгізу және қолдану барысында туындаған мәселелерді шешу тәжірибесімен аймақ елдерімен бөлісу.
Қазақстан - ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматының стандарттарын 100% енгізу туралы жариялаған ТМД-ның алғашқы елдерінің бірі. Бұл үдерісті "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ2021 жылғы қарашада сәтті аяқтады.
Қатысушыларды тіркеу 2023 жылғы 31 қазанға дейін "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ сайтында мына сілтеме бойынша жүргізіледі: https://caa.gov.kz/ru/GRF2023