27/04/2023
2023 жылғы 27-28 сәуір аралығында Алматыда ИКАО Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысы өтуде.
Бұған дейін Авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция шешімдерінің қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері ынтымақтастық бастамасын және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобын құруды қолдады.
Бұл іс-шара Орталық Азия өңірі мен Кавказ елдерінің Қазақстанның бастамасымен жаңа қауіп-қатерлерге бағытталған екінші кездесуі болып табылады. Авиациялық қауіпсіздік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар АҚШ-қа тікелей рейстердің ашылуына да ықпал етеді.
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы қатысушы мемлекеттерге ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын сапалы енгізуге, өзара ақпарат алмасу және бір-біріне қолдау көрсету арқылы авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге қолдау көрсетудің тиімді тетігі мәселелері жөніндегі кеңесші орган болып табылады.
Отырыс шеңберінде Үйлестіру тобына мүше мемлекеттердің ортақ артықшылықтарына қол жеткізуге бағытталған әлеуетті арттыру, бірыңғай саясатты (жоспарды) әзірлеу, оның ішінде Орталық Азия өңірі мен Кавказда ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді және уақтылы енгізу, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының төрағасын, тең төрағасын және хатшысын сайлау мәселелері қаралды, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының ережесін бекіту.
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының төрағасы болып ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев сайланды.
Үйлестіру тобының жұмысы ИКАО авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Жаһандық жоспарын іске асыру шеңберінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсарту саласында біздің елдеріміздің авиациялық әкімшіліктері арасындағы жақсы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін тағы бір қадам болады.
Анықтама: 2022 жылғы 11-12 тамыз аралығында Ақтау қаласында Қазақстанның бастамасымен авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі конференция өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша декларация және ынтымақтастық меморандумы қабылданды.