Кіру

Басты бет
Алматыда авиациядағы гендерлік теңдік бойынша ИКАО Аймақтық семинар өтеді

28/02/2025

2025 жылғы 4-5 наурызда Алматыда маңызды халықаралық оқиға – гендерлік теңдік және авиациядағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ICAO EUR/NAT аймақтық семинары өтеді.
Іс-шараны аймақтағы 56 мемлекет (ИКАО-ға мүше 193 елден) кіретін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ИКАО EUR/NAT Аймақтық кеңсесінің директоры Николас Ралло ашады.
Семинарға Қазақстанның және шетелдің авиация саласының, халықаралық ұйымдардың (ИКАО, Eurocontrol, EASA, IATA, IFATCA, SkyTeam, ACVFFI т.б.), әуе компаниялардың және іскер топтардың өкілдері қатысады.
Шара Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қамқорлығымен өтеді және тәжірибе алмасу, гендерлік мәселелерді талқылау және әйелдердің авиация саласына қатысуын арттыру стратегияларын әзірлеу үшін бірегей алаңға айналады.
Семинарға әйелдер–ұшқыштар, әуе кемелерінің командирлері, авиадиспетчерлер, инженерлер, авиамеханиктер, сондай-ақ әуекомпания басшылары қатысады.
Семинардың мақсаты – авиацияда гендерлік теңдікке қол жеткізуге жәрдемдесу, әйелдердің мансаптық өсуін қолдау және сала мамандарының жаңа буындарын шабыттандыру.
Іс-шара бағдарламасына әлемдік сарапшылардың пікірлері, әйелдердің авиациядағы мансаптық дамуы мәселелеріне арналған кәсіби сессиялар, шабыттандыратын табыс тарихы және жастарды авиацияға тартудың заманауи бағдарламалары кіреді.