Алматы-Тараз субсидияланатын әуе бағытына қосымша байқау өткізілді
02/11/2021
Алматы-Тараз субсидияланатын әуе бағытына қосымша байқау өткізілді Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Алматы - Тараз - Алматы әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізу туралы шешім қабылданды. Байқаудың қорытындысында "SCAT" әуе компаниясы осы бағытта тасымалдаушы болып айқындалды. Тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер 148 және 50 орындық "Б-737" және "CRJ-2" әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады. Билет құны - 9 мың теңге болады.