Кіру

SEC2026 Жаһандық симпозиум ИКАО авиациялық қауіпсіздік аптасы 2026 20–22 қазан
Астана
→
Басты бет
Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады

29/09/2026

Халықаралық маршруттар желісін кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстары жалғасуда.

Осыған орай, 2026 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Лангкави (Малайзия) бағыты бойынша тікелей маусымдық рейстерді орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер аптасына үш рет Airbus A321neo әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейтуге және Малайзиямен туристік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.