Кіру

Басты бет >
"Air Seychelles" Қазақстанға әуе рейстерін ашады

15/12/2022

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылғы 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Монреаль қаласында (Канада) өткен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша тарихта алғаш рет елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны құратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы жұмыстың нәтижесінде "Air Seychelles" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың 26 желтоқсанынан бастап Алматы – Маэ бағыты бойынша (Әбу-Дабиге техникалық қонумен), бейсенбі және жексенбі күндері А320Neo типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.
Әуе рейстердің ашылуы Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:
Air Seychelles-штаб-пәтері Сейшел халықаралық әуежайында (Maэ) орналасқан Сейшел Аралдарының мемлекеттік авиакомпаниясы.
Авиакомпания 1977 жылы ішкі рейстерді орындау үшін құрылған. Air Seychelles халықаралық рейстерін 1983 жылдан бастап орындайды.
Әуе компаниясының флоты A320neo, DHC-6 сиақты 7 ұшақтан тұрады. Air Seychelles Тель-Авивке (Израиль), Йоханнесбургке (Оңтүстік Африка), Плен-Магненге (Маврикий), Малеге (Мальдив аралдары) және Бомбейге (Үндістан) ұшады.
2022 жылы Air Seychelles World Travel Awards сыйлығы бойынша "Үнді мұхитының жетекші авиакомпаниясы", сондай-ақ "Үнді мұхитының үздік стюардессалары" атағын алды.