Air Astana әуекомпаниясы Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
02/03/2026
Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana әуе компаниясы 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр.
Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.
Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетуде.