Кіру

Басты бет >
Air Arabia әуе компаниясының рейстерін қайта ашу туралы ақпарат

04/05/2021

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді қалпына келтіруге рұқсат етілді.


Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді “Air Arabia” әуе компаниясы 2021 жылғы 21 мамырдан бастап қайта жалғастырады. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (3, 5 және 7 күндері бойынша) орындалатын болады.