Адамгершілікке негізделген қолдау
23/09/2026
FAA IASA командасының Қазақстанға сапары барысында әріптестеріміз кәсіби миссиясымен ғана шектелмей, ҚАӘ ұжымына шынайы көңіл бөліп, қолдау көрсетті.
Олар қызметкерлер үшін пицца-ланч ұйымдастырып, қазіргі уақытта баласы ем қабылдап жатқан ҚАӘ қызметкерінің отбасына жеке қаржылай қолдау көрсетті.
Біз бұл ізгі ниет пен адамгершілікке негізделген қолдауды, өзара ынтымақтастық пен жанашырлықтың көрінісін жоғары бағалаймыз.
FAA IASA командасына кәсіби серіктестік тек ортақ жұмысқа ғана емес, ең алдымен, адамға деген құрмет пен адамгершілікке негізделетінін көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.