18/05/2026
Абай облысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұйымдастырған авиациялық оқиғаларға ден қою кезінде әуе және жерүсті күштерінің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған ведомствоаралық үйлестіру оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, авиациялық оқиғаның шартты орны Семей қаласының әуежайынан 125 шақырым қашықтықта, Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының шекаралас аймағында анықталды. Бұл бірнеше өңірдің күштері мен құралдарының іс-қимылдарын үйлестіруді пысықтауға мүмкіндік берді.
Оқу-жаттығуға «Қазаэронавигация» РМК Іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы (Астана қ.), «Қазаэронавигация» РМК Абай филиалының әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері, Семей қаласының әуежайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі» КМК-ның ТЖД құтқарушылары мен Абай облысы Апаттар медицинасы орталығының (АМО) медицина қызметкерлері тікұшақ бортында болған азаматтық іздестіру-құтқару әуе кемесі, Өскемен қаласының әуежайында орналасқан ҚР ҰҚК Авиация қызметінің Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары мен АМО медицина қызметкерлерімен бірге мемлекеттік іздестіру-құтқару әуе кемесі және Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жерүсті іздестіру-құтқару құрамалары жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында авиациялық іздестіру және құтқару жүйесінің келесі негізгі элементтері пысықталды: апат туралы белгіні қабылдау және өңдеу; іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын құлағдар ету және жұмылдыру; әуедегі және жерүсті іздестіру-құтқару операцияларын үйлестіру; шартты авиациялық оқиға орнын анықтау; шартты түрде зардап шеккен адамдарды іріктеу, эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл, жедел ақпарат алмасу және авиациялық іздестіру мен құтқару саласындағы халықаралық стандарттарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша тартылған күштер мен құралдардың авиациялық оқиғаларға жедел әрекет етуге дайындығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі расталды.
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу ұлттық авиациялық іздестіру және құтқару жүйесінің дайындығын қолдаудың маңызды элементі болып табылады және ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес әрекет ету тетіктерін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.