Кіру

Басты бет >
ААК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы дәріс тыңдады

26/07/2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – авиация саласы ұйымдарының қызметіндегі басым міндеттердің бірі және маңызды бағыт болып табылады. Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың құқықтарын қорғау тақырыбында дәріс өтті.

         Жиналыс Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының аға офицері Гүлназ Сағандықованың қатысуымен өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары мен элементтері, оған қарсы шектеулерді сақтау мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері қаралды.

         Спикер атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Аталған шаралар сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар ғана емес, кез келген деңгейдегі ұйымдар қызметкерлерінің жұмысының ашықтығына бағытталған.

Лицензиялау, формальдылықты жеңілдету, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы авиация саласының өкілдері өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.