Кіру

Басты бет
ААК пен Air Astana FAA IASA бағалауына дайындықты үйлестіруде

14/08/2026

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) IASA бағдарламасы аясында өтетін алдағы FAA бағалауына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. ҚАӘ-ің Бас атқарушы директоры Майкл Дэниел бастаған делегация Air Astana әуе компаниясының ұшу тренажерлары кешені мен оқу орталығына барды.

Сапар Қазақстанның АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуға дайындық аясында авиациялық реттеуші мен ұлттық әуе тасымалдаушы арасындағы тығыз ынтымақтастықты көрсетті.

ҚАӘ-ің өкілдері FAA IASA алдағы бағалауы туралы ақпарат беріп, мемлекет деңгейіндегі бағалау Air Astana әуе компаниясының әуе кемелерін пайдалану, авиациялық персоналды даярлау және белгіленген талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету жүйелеріне қатысты мәселелерді де қамтитынын атап өтті.

Тараптар пікір алмасты, техникалық мәселелерді талқылады және ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтауға ортақ бейілділігін растады.

Кездесу ҚАӘ пен Air Astana арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және Қазақстанның FAA-ның оң бағасын алуға, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын одан әрі дамытуға бағытталған дайындық жұмыстарының үйлесімділігін көрсетті.