07/07/2021
Домбыра – қазақтың төлқұжаты, бренді. Ұлттық домбыра күні 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстандағы ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде тойланады. Бұл дата қазақ қоғамын мәдени мұра құндылықтары мен жасампаз идеялары төңірегінде топтастыру мақсатында белгіленді.
«Қазақ домбыраны құрметті жерде ұстаған, ал күйшілер құрметті қонақ болған, халық оны мақтаған. Бұл игі іс күні бүгінге дейін жалғасып келеді. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұралар тізіміне енді. Қасиетті домбыраға деген құрмет еш кетпеген», - дейді Н.Ә. Назарбаев.
Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың көрнекті домбырашылары мен күйшілерін еске алуға арналған бейнеролик дайындады.